Ш.Колер: Қазақстан Президенті өте дұрыс бағыттарға басымдық жасаған

Дереккөз: www.24.kz

4059f35f9fe3d1f5b89f7ce02d9d95d7_l

Қазақстан Президенті Жолдауында баламалы энергетика көздеріне басымдық берген.

Тіпті оны 2030 жылға дейін 30 пайызға көтеру керек деп тапсырды. Energy Eurasia неміс энергетикалық компаниясының басшысы Штефан Колер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

Штефан Колер, Energy Eurasia энергетикалық компаниясының директоры:

– Мен жолдауды мұқият оқып шықтым. Президент өте дұрыс бағыттарға басымдық жасаған. Оның ішінде энергияны үнемдеу, баламалы энергия және табиғи ресурстарды қолдану бар. Алға қойылған 10 тапсырманың кемінде төртеуі осы салаларға бағытталыпты. Дәл қазір Қазақстан экономикалық жағынан тұрақты дамып жатыр. Сол себепті өте дұрыс қадам болмақ. Германияда энергетикалық өзгерістер 2000 жылдары болған. Өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бірігіп талай жобаны жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын. Тағы бір маңызды тапсырма – ақылды қалаларды дамыту. Мұнда дигитализация маңызды рөл атқарады. Президент оны жүзеге асыру үшін нақты қадамдарды да айқындап қойғаны көрніп тұр.