БҰҰ ЕЭК өңіріндегі тұрақты даму бойынша өңірлік форум туралы баспасөз хабарлама

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 1-2 наурызда Женевада БҰҰ ЕЭК өңіріндегі тұрақты даму бойынша өңірлік форум өтті. Форум 2018 жылғы 9-18 шілдеде Нью-Йоркте өтетіндігін жоспарланған Тұрақты даму бойынша БҰҰ жоғары деңгейдегі саяси форумына дайындық кеңес және тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу бойынша прогреске қосқан өңірлік үлесі болып табылады.

Форумның басты мақсаты – үкіметтер мен басқа да мүдделі тараптардың арасында ТДМ-ды іске асыру бойынша нақты тәжірибемен, міндеттермен және тәжірибелік шешімдермен алмасу және ерікті әріптестік.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының атынан «Жасыл экономика» департаментінің директоры Әлия Шалабекова қатысты.

Форумда қазіргі уақытта құрылып жатқан Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығының негізгі тәсілдері, мақсаттары және міндеттері таныстырылды. Сондай-ақ Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту халықаралық орталығы негізгі халықаралық институттар және жеке сектордың қолдауымен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде Орталық Азия елдерімен тығыз өзара іс-қимылға мүмкіндік беретіндігі атап өтілді. Бұл біліммен, технологиялармен алмасуға және оларды Орталық Азияға ендіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, форумның қорытындысы туралы есеп интерактивті пікірталас форматында тыңдалды. Бұл жерде тиісті ТДМ мен кешенді саясатты қалыптастыру арасындағы өзара байланысқа басты назар аударылды.