«Таза болса табиғат – адам болар адамзат» тақырыбы бойынша өтетін балалар суреттерінің конкурсының марапаттау көрмесі

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 16 наурызында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған және Алматы қаласының жас тұрғындарының қоршаған ортаны сақтау, қорғау мәселелеріне көңілін бөлу, балалардың экологиялық мәдениетін арттыру, әлеуметтік және экологиялық жауапты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында өткізілетін конкурстың көрмесі өтті.

Конкурс балалар үйлері мен арнайы мектеп-интернаттары тәрбиеленушілерінің 1-4 сынып оқушылары арасында жүргізілді.

Конкурстық көрмені Алматы қаласы бойынша Экология депаратментінің басшысының орынбасары Құрманбеков Данияр Карбозұлы қатысушылар мен келген қонақтарға алғыс сөзін айтуымен ашты.

Комиссия мүшесі Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ тәрбиелеу жұмысы бойынша орынбасары Шапиева Жазира Шакеновна алғыс сөзін айтып, қатысушыларға ілтипатын білдірді. Қоршаған ортаны сақтау, қорғау мәселелеріне көңілін бөлу жайлы айтып өтті.

Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша әр жас аралығында жеңімпаздарды марапаттау (I, II, III орындар) жүргізілді. Конкурстық орындардан бөлек оқушылар «Менің өлкем» және «Табиғатты аялайық» номинациялары бойынша марапатталады. ГРАН ПРИ орын иегері болып Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ тәрбиеленушісі Нұрғожаева Дильназ марапатталды.

ГРАН ПРИ иегерінің жұмысы 16 аймақ бойынша Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде өтетін конкурсқа қатысуға жіберіледі.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be7 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be6 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be5 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be4 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be3 %d1%84%d0%be%d1%82%d0%be2