Ақбөкендер Атырау облысына орала бастады

Дереккөз: www.24.kz

fc02ca3de191ad21cab96d4efdf11032_l

Атырау облысында дала еркесі ақбөкендер орала бастады.

Көп жылдар мүлде көрінбей кеткен киіктердің алғашқы шоғыры өткен жылдың қараша айларында Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарынан байқалыпты. Қазір олар бұрынғы миграциялық өрістеріне оралып, өркен жая бастаған. Атырау облыстық, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен Батыс Қазақстан облысының зоолог ғалымдары бірлесіп, киік санағын жүргізді. Әуеден ұшақпен бақылау барысында Атырау облысында 500-ден астам ақбөкен мекен ететіні анықталды.

Азамат Әбіғалиев, аумақтық инспекцияның аң шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда киіктердің төлдеуіне байланысты құзырлы органдармен бірлесіп, рейдтік шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, жергілікті полиция қызметкерлері мен аудандық инспекциялармен Махамбет, Индер, Құрманғазы итнспекцияларымен бірлескен рейдтік шаралар өтіп жатыр. Ондағы мақсат – олардың өсіп-өнуіне және көбеюіне жағдай жасау.