2018 жылғы мамырдың 29-нан 31-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы мамырдың 29-нан 31-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Азиялық Газқұбыры» ЖШС , «КАТКО» БК»  ЖШС, «Қазықұрт-Оңтүстік» ЖШС, «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жамбыл-Жылу» МКК, «Қобланды» ЖШС, «Эмбаведьойл» ЖШС.

«Эмбамунай» ЖШС, «Бұрғышы-Сервис» ЖШС, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тараз су» ШЖҚ МКК», «Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» көпсалалы кәсіпорны» ШЖҚ КМК, «ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорны» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Парниктік газдар шығарындылары мен шығарындыларын жою саласындағы мемлекеттік реттеу (ҚР Экологиялық кодексі);
  • ҚОӘБ ерекшеліктері. Жобада ӨЭБ, ҚББ, ҚОҚЖ болуы. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.

Дәріс оқығандар:

Сергазина Гульмира Халеловна –Тәуелсіз сарапшы;

Ингербаева Жанат Умбетовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_8236 img_8234 img_8225 img_8216