Астанада Оңтүстік аймаққа арналған жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион өттіАстанада Оңтүстік аймаққа арналған жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша аукцион өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 5 маусымда Оңтүстік аймаққа арналған жалпы қуаты 10 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша сегізінші аукцион өтті.
3 компаниядан 3 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 4,95-тен 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 19,95 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,68 теңге/ кВт*сағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 тг/ кВт*сағ.-нан 22,65 тг/ кВт*сағ. дейін болды.
Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:
1. «Alcor Energy» ЖШС 4,95 МВт-қа 22,65 тг/ кВт*сағ. бағамен
2. «Восток Ветер» ЖШС 10 МВт-қа 22,66 тг/ кВт*сағ. бағамен

Келесі аукцион 2018 жылғы 6 маусымда өтеді.

Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР ЭМ 21.12.2018 ж. №466 бұйрығы) ҚР Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттық графигін қалыптастырды.
ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен аукциондық сауда-саттық графигіне сәйкес, ағымдағы жылы белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда, электр станцияларының түрлері бойынша:
• күн электр станциялары – 290 МВт;
• жел электр станциялары – 620 МВт;
• су электр станциялары – 75 МВт;
• биоэлектр станциялары – 15 МВт.
«КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы болып анықталды.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі