Жасыл экономика. Экотуризм

Дерекөз: www.24.kz

2016 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 17 жаһандық тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға кірісті. Жалпы күн тәртібі экономикалық, әлеуметтік өсімді жеделдетуді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды күшейтуді көздейді. Жоспар Қазақстанда да жүзеге асырылып жатыр. Ақылға қонымды тұтыну, климат өзгерісімен күрес, құрлықтағы су ресурстарын және экожүйелерді сақтау сынды төрт экологиялық мәселені шешу үшін мемлекеттік және халықаралық ұйымдар бірігіп осы салада жұмыс істеп жатыр. Экотуризм мен осы жаһандық мақсаттарды насихаттау үшін түрлі сарапшылар Катонқарағай ұлттық паркіне экспедицияға аттанды.