Баспасөз хабарламасы Қазақстанда трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жобасы әзірленді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан 2001 жылдан бері Эспо конвенциясының қатысушысы болғандықтан қазіргі уақытта халықаралық ҚОӘБ туралы келісімдердің ережелерін сақтау бойынша дәйекті қадамдар жасап отыр. Қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы трансшекаралық контексте (Эспо конвенциясы) БҰҰ ЕЭК Конвенциясының ережелеріне сәйкес қазіргі заманғы қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүйесін құру бойынша заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстың жобасы бірінші нәтиже болды

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізілетін түзетулер жобасын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (Министрліктің) бастамасымен халықаралық және ұлттық сарапшылар әзірледі және 5 қыркүйекте ҚР-ның Экологиялық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел барысында кеңінен талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік билік органдарының салалық мамандары, БҰҰ ЕЭК және ЕҚЫҰ халықаралық кеңесшілері, ұлттық сарапшылар және жалпы жұртшылық қатысты.

«Қазақстандағы ҚОӘБ-тың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізілді және қазірде халықаралық қағидаттарға сәйкес қаралатын болады. Бұл бағыт, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК-ның СЭБ туралы Хаттамасына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) рәсімдерін енгізу сияқты ҚР Экологиялық кодексінің қайта қарау жөніндегі ҚР Тұжырымдамасының жобасында бекітілген болатын» – деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің вице-министрі Сәбит Нұрлыбай. «ҚР экологиялық кодексін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін және басқа да мүдделі тараптарды әзірленген ережені мұқият зерттеп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз».

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар Эспо конвенциясының ережелеріне және халықаралық озық тәжірибеге сәйкес келетін жаңа кешенді ҚОӘБ схемасын енгізуді қарастыратын ҚОӘБ саласындағы Қазақстандағы нормативтік-құқықтық базаны кешенді түрде реформалау жөніндегі ұсыныстар жобасын тыңдады және ескерді.

БҰҰ ЕЭК және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің саяси және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылып отырған бұл жұмыс Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне бағытталған және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуін қолдау» атты бірлескен жоба аясында жүзеге асырылатын іс-шаралардың бірі болып табылады.