Баспасөз хабарламасы ҚР Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай РФ ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.О. Скобелевпен кездесті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылы 3 қазанда ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика  вице-министрі С. Нұрлыбайдың төрағалығымен Ресей Федерациясының ең озық қолжетімді технологиялар (ОҚТ) Бюросының басшысы, «Экологиялық өнеркәсіптік саясат орталығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Д.О. Скобелевпен кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің, Ауыл шаруашылығы, Инвестициялар және даму министрліктерінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастықтарының, тау-кен өндіруші және тау – кен металлургия кәсіпорындарының, тұрақты даму үшін табиғат пайдаланушылардың, «Атамекен» сауда-өнеркәсіп палатасының, Америкалық сауда палатасының және т. б. өкілдері қатысты.

 «Мемлекет басшысы Энергетика министрлігіне экологиялық кодексті өзектендіру бойынша міндет қойды. Осыған байланысты, өндіріс үдерісіндегі ОҚТ қағидаларын енгізу бойынша басқа елдің тәжірибесі бізге өте қызықты. Ресей Федерациясы осы бағытта пост-кеңестік кеңістіктегі алғашқы елдердің бірі болды, ол кәсіпорындарға ең озық қолжетімді технологияларды пайдалануға және кешенді экологиялық рұқсаттарға ауысуды ұсынуға шешім қабылдағандығын» вице-министр С. Нұрлыбай кездесу барысында атап өтті.

Өз кезегінде Д. Скобелев ресейлік ең озық қолжетімді технологияларды енгізу тәжібиесінің презентациясын ұсынды. Д. Скобелев кіріспе сөзінде барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғауға теңгерімді көзқарастарды әзірлеу маңыздылығын атап өтті.

Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасындағы ОҚТ негізделген реттеу жүйесіне өту шеңберінде консультацияларды жалғастыру және тәжірибе алмасу туралы шешім қабылдады.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі