Баспасөз хабарламасы «Заманға қарап қадам басу»

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Алматы облысы бойынша экология департаменті қоршаған ортаға эмиссияны азайту бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Сондай – ақ облыстың ірі қала құраушы кәсіпорындарының бірі болып өзінің техникасы мен технологиясын үнемі жетілдіріп, қоршаған ортаны сауықтыруға белсене қатысатын «Қайнар АКБ» ЖШС кәсіпорыны болып саналады.

Осылайша «Қайнар АКБ» ЖШС 2015 жылдан бастап Алматы өңірінде алғаш рет жазғы кезеңде көмірдегі қазандықты тоқтатумен, шаруашылық тұрмыстық учаскелерді және асхананы ыстық сумен қамтамасыз ету үшін гелиоқондырғыларды енгізе бастады. Бұл атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 30% – ға төмендетуге алып келді.

“Зенит ТВК” ЖШС-мен газдандырудың инженерлік жүйелерін жобалау және салу үшін өндірістік базаны жылытуға және өндірістік қажеттіліктерге шарт жасады. Жобаның жалпы құны 119 млн. теңгені құрады, оның 44 млн. теңгесі төленді.

Бүгінгі таңда жобалық құжаттамалар сараптамадан және келісуден өтті.

Желтоқсан көшесінен бастап Медеу көшесінен «Қайнар-АКБ» ЖШС дейінгі ұзындығы 1,1 км жол салынды.

Зауыт ішінде газ құбырының ішке тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Кәсіпорын қолданыстағы энергия көздерін табиғи газға көшіруді жоспарлап отыр: балқыту құрылысы, тазарту, негізгі өндірістік құрал-жабдықтар, асхана, күзгі-қысқы кезеңде қазандықты жылыту.

Болашақта негізгі өндірістің өндірістік үй-жайларын, механикаландырылған кесу учаскесін, моноблоктардың корпусын, құрал-сайман учаскесін табиғи газбен жылытатын болады.

Газдандыру объектілерін пайдалануға беру атмосфераға зиянды заттардың жалпы шығарындысының шамамен 25-35% – ға төмендеуіне әкеледі.

«Ақпараттық Қазақстан-2020 мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығын орындау мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС алғашқылардың бірі болып нақты уақыт режимінде өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған станцияларын орнату бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (онлайн).

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі