2018 жылғы қазанның 10-нан 12-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қазанның 10-нан 12-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану»   тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Экотерра» ЖШС; «Фирма Ада Ойл» ЖШС; «ӨзенМұнайСервис» ЖШС; «BNG LTD» (БиЭнДжи Лтд) ЖШС; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ;  «AB Petroleum Capital» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Экологиялық ақпарат беру;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтары саласындағы заңнаманың қазіргі жағдайы және 2016, 2017, 2018 жылдардағы экологиялық кодекске енгізілген түзетулер;
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілген өзгерістер);
  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары.

Дәріс оқығандар:

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Досмакова Бизара ЖакиевнаҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының орынбасары;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.