Қостанай облысында «ақылды сүт фермасы» жобасы жүзеге асуда

Дереккөз: www.24.kz

Қостанай облысындағы іргелі шаруашылықтардың бірінде бағдарламалық-аппараттық құрылғылар қолданысқа енгізілді.

SmaxТec деп аталатын компьютерленген қондырғы сүт өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ қоректендіру процесін ретке келтіреді. Құрал жануардың өңеші арқылы асқазанына жіберіледі. Осы арқылы ағзадан алынған ақпарат орталық электрондық базаға келіп түседі. Шаруашылық басшылығы бұл жүйенің тиімді боларына сенімді әрі болашақта өндірісті цифрландыруды жалғастыра бермек.

Сергей Фицнер, серіктестік басшысы: 

– Бұл жүйе арқылы әр бес минут сайын жануардың дене температурасы, қимыл-қозғалысы, асқорыту жүйесіндегі өзгерістер жайлы мәліметтерді біліп отырасың. Оны компьютерден де, қалта телефонынан да қарауға болады. Азық жақпаса немесе ауырып қалса, алдын ала анықтаудың мүмкіндігі мол.