Баспасөз хабарламасы «Планета»жұмыс тобының VIII Азаматтық форумының салалық сессиясы «Құрлықтың экожүйелерін, су ресурстарын ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруі саласындағы жетістіктер» (Тұрақты даму мақсаттары 6, 12, 13, 14 және 15)

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 27 қарашада Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаевтың төрағалығымен «дөңгелек үстел» форматында «Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының отырысы өтті.

Аталған іс-шараға 80-нен астам қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.

«Планета» жұмыс тобының салалық сессиясының мақсаты Қазақстанның  6, 12, 13, 14 және 15-мақсаттарға қол жеткізу көзқарасымен және тәсілдерімен танысу, 2019 жылғы маусымда  БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі саяси форумында таныстыру жоспарланған тұрақты даму мақсаттары бойынша ұлттық шолудың негізіне алынуы мүмкін ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбай климаттың өзгеруі және қалдықтарды тұрақты басқару мәселелері бойынша 13 және 12-мақсаттарды ұсынды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары су саясатының жүргізіліп жатқан реформалары бойынша ақпарат берді, 6-Мақсат.

Сумен қамтамасыз ету және санитария мәселелері бойынша (6-мақсат) есепті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары ұсынды.

Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері сөйлеген сөзінен кейін қорытынды жасалып, одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар берілді.