Баспасөз хабарламасы Қазақстанның VIII Азаматтық форумы шеңберінде Энергетика министрінің Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында Энергетика министрі Қ. А. Бозымбаевтың жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге ҮЕҰ, азаматтық сектор, ОМО, салалық кәсіптік одақтар, БҰҰДБ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілдері және Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Энергетика министрі жаңартылатын энергия көздерін дамытудың негізгі бағыттары мен нәтижелерін баяндады.

Сондай-ақ, кездесуде ЕҚҚДБ Ресей, Кавказ және Орталық Азия бойынша энергетика және табиғи ресурстар департаментінің директоры А. Ситдикова, «ЖЭК бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің бас директоры Ж.Нұрмағанбетов және «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Н.Қапенов  сөз сөйледі.

Бұған қоса, ҚР Энергетика министрлігі, ЕҚҚДБ және «SEA Saran» ЖШС арасында «Қарағанды облысында қуаты 100 МВт КЭС салу» жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге ҚР Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаев, ЕҚҚДБ Ресей, Кавказ және Орталық Азия бойынша энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі директоры А.Ситдикова және «Solarnet Investment GmbH» бас директоры Йоахим Голдбек қол қойды.

Күн электр станциясын Joachim Goldbeck Holding GmbH (Германия) компаниясы – бүкіл әлем бойынша жаңартылатын энергия көздері саласындағы активтердің ауқымды портфелі бар осы жобаның акционері салатын  болады.    Жоба CO2 шығарындыларын кем дегенде жылына  93,5 мың тоннаға қысқартады деп күтілуде, бұл жергілікті көмір ЖЭО-ның 19.7 МВт-қа жуық қуатын пайдалану кезіндегі шығарындылар көлеміне сәйкес келеді.

Сондай-ақ, Күн электр станциясын іске асыру елдің стратегиялық құжаттарында көзделген жаңартылатын энергия көздері саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізуге үлес қосады, өңірде қосымша «Жасыл» жұмыс орындарын құруға және шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі