Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС және Солтүстік Каспий жобасының акционерлері Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жоспарын ұсынуға қатысты келісімге қол жеткізді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, өкілетті Орган («PSA» ЖШС) және Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы Келісімге қатысушы компаниялар (СКӨБК) акционерлер ретінде СКӨБК лицензиялық учаскесінде орналасқан Қаламқас-теңіз кен орнын игеру жоспарын беру туралы келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес компаниялар Игеру жоспарын СКӨБК жөніндегі Басқарушы комитеттің бекітуіне 2019 жылдың төртінші тоқсанына дейін ұсынуды қарастырылған.

Келісімге қол қою Каспий теңізінің қазақстандық секторының Теңіз кен орындарын игеруге инвестициялар көлемін ұлғайтуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Осыған дейін Оператор (НКОК) хабарлағандай, анықталған тұжырымдамаға сәйкес Қаламқас-теңіз кен орнын және «КМОК» компаниясының Хазар кен орнын бірлесіп игеру (“Жемчужины”блогы бойынша ӨБК) жұмыстары алдын ала жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анықтамалық ақпарат:

СКӨБК бойынша акционерлер болып табылатын компаниялар: «Аджип Каспиан Си Б. В.» (16,81%), «КННК Казахстан Б. В.» (8,33%), «ЭксонМобил Казахстан Инк.» (16,81%), «Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд.» (7,563%), «ҚМГ Қашаған Б. В.» (16,88%), «Шелл Қазақстан Девелопмент Б. В.» (16,81%) және «Тоталь ЭиП Қазақстан» (16,81%).

Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы болып табылады.

«Қаламқас-теңіз» кен орнының геологиялық қорлары орта Юра шөгінділеріне ұштастырылған және 149,5 млн.т мұнай, 15,4 млрд. м3 еріген газ және 15,36 млрд. м3 құрғақ газды құрайды.