Неге ЛШТТ?

1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясы ластауыштар туралы ақпаратты жұртшылыққа ұсынатын құрал ретінде шығарындылар кадастрларын құру идеясына серпін берді. ЕО-да бұл идея 1996 жылы ластануды кешенді алдын алу және бақылау  туралы дерективтері арқылы ал, 2000 жылы ластауыш шығарындыларының Еуропалық тіркелімінде (EPER) шешім қабылдаумен нақты пішінге ие болды.

1998 жылы ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге Орхус конвенциясы ретінде белгілі қоғамдық құқықты ұсынатын, БҰҰ ЕЭК конвенциясы күшіне енді. Осы конвенцияға сәйкес 2003 жылғы 21 мамырда Орхус конвенциясы Тараптарының кезектен тыс жиналысында 2009 жылдың қазанында күшіне енген ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (ЛШТТ) туралы арнайы хаттама қабылданды. Бұл құралдардың мақсаты экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін кеңейту арқылы азаматтардың экологиялық проблемаларды шешуге нақты қатысуын қамтамасыз ететін құралдарды әзірлеу болды.

Еуропалық Одақ ЛШТТ Хаттамасын ендіру үшін ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының Еуропалық регламенті (E-PRTR) (ЕО) № 166/2006. E-PRTR регламентіне сәйкес құрылған болатын және ол алдыңғы ластауыштардың шығарындылары тасымалдарының Еуропалық тіркелімін (EPER) алмастырады.

Жаңалық көзі: https://prtr.eea.europa.eu/#/faq

Сурет көзі: http://bellona.ru/2013/05/15/rossijskomu-obshhestvu-nuzhna-orhusska/