2019 жылғы наурыздың 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы наурыздың 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ,

«Human Health Institute» ҚБ,

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ,

 «Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қалдықтар саласындағы заңнама. Экологиялық кодекстің жаңа жобасының негізгі қағидалары;
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
  • Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілетін өзгерістер);
  • Қазақстанда ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу;
  • Экологиялық аудит және т.б.

Дәріс оқығандар:

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Тауекелова Мадина Сергазиевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБ дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқармасының басшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ  бас сарапшысы;

Досанова Акмарал Наурызбаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті табиғи ресурстар кадастрының басшысы.;

Токтасынова Тота Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.