Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өнеркәсіп үшін тұрақты инфрақұрылым

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2019 жыл 2 сәуірде Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бірлесіп «Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өнеркәсіп үшін тұрақты инфрақұрылым»  тақырыбында «Жасыл» өсім бойынша Саяси диалог өткізді.

Энергетика Вице-министрі С.Нұрлыбай Тұрақты даму мақсаттарына жетуде энергетикалық инфроқұрылымды көпжақты дамыту және Париж климаттық келісімі бойынша баяндаманы ұсынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты:

• тұрақты, сапалы инфрақұрылымды жоспарлау аспектілерін және жасыл өсім үшін инвестицияларды талқылау;

• энергия-су-тамақ қатынасын анықтау;

• «Жасыл экономика» тұжырымдамасын қолдау үшін GIZ жобасының күтілетін үлесін талқылау,

• Қазақстан үшін саясат пен әлеуетті нығайту саласындағы басымдықтарды және ЭЫДҰ және серіктестер тарапынан көрсетілетін қолдауды қарастыру.

2016 жылы Қазақстан жасыл өсім бойынша саяси диалог сериясын іске қосты, ол мүдделі тараптармен экономиканы жасылдандыру жөнінде ведомствоаралық саяси пікірталастар мен консультацияларды ынталандыруға мүмкіндік берді.

Іс-шараға ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымды дамыту, «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы, GIZ, АХҚО және «ССДО» АҚ өкілдері қатысты.