Арал теңізінің құрғаған табанына 10 мың гектар сексеуіл отырғызылды

Дерекөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның орман қызметі Арал теңізінің құрғаған табанын игеруге 1,7 млн доллар бөлді.

Бұл жөнінде «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қоры» дирекциясының басшысы Асылхан Асылбеков мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жыл сайын Арал теңізінің құрғаған табанынан желмен бірге 80 млн тоннаға дейін улы тұз көтеріледі. Аралдың тұзы мен құмы Гренландия, Америка және т.б. елдерден табылды. Бұл Қазақстанның ғана экологиялық жағдайы ғана емес, сондай-ақ, әлемдік проблема»,- деді А.Асылбеков Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында стелланың ашылу салтанатында.

Сексеуіл құмның белгілі бір мөлшерін ұстап тұра алады. Осылайша құм орнығып алып, шөлді болдырмайды.

«Бір жылдың ішінде Аралдың құрғап қалған табанында 10 мың га немесе 3,640 млн сексеуіл көшеті отырғызылды», – деп қорытындылады А.Асылбеков.