Атырау облысында электр бағанына соғылған бүркіттің балапаны қорыққа өткізілді

Дереккөз: 24.kz

Атырау облысында мұнайшылар дала бүркітінің балапанын аман алып қалды. Бұл түсірілім әлеуметтік желіде көп көрсетілді. Қызыл кітапқа енгізілген түз құсының 5-6 айлық балапанын «Теңіз» кен алаңындағы мұнайшылар тауып алыпты. Электр бағанына соғылып, жарақат алған балапан жолға жорғалап жетіп, ұшып кетуге әрекеттенген. Алайда өздігінен жерден көтеріле алмады. Қамқор қолға тап болған түз құсы табиғат қорғаушыларға тапсырылды. Кейінірек жарақатынан айыққан бала бүркіт «Ақжайық» табиғи қорығына жіберілді. Қанаты қатайған соң дала бүркіті байырғы мекеніне оралады. Осы категория бойынша: « Апаттан кейінгі жағдай: тікелей қосылым Жаңаарқалық қыз-келіншектер қымыз пісуден әлемдік рекорд орнатты »