2019 жылғы қыркүйектің 10-нан бастап 13-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесі.
  • Сарқынды сулар. Сарқынды сулардың төгінділеріне қойылатын негізгі талаптар.
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару.
  • Экологиялық ақпарат беру.
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар.
  • Автоматтандырылған мониторинг жүйесі.
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар.
  • Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу.
  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу.
  • Профилактикалық бақылау және т. б.

Іс-шараға «Алматы электр станциялары» АҚ, «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ, «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «КазЭкоСервис Актобе» ЖШС, «ЖанЭкоСервис-С» ЖШС, «Тасбулат Ойл Корпорэйшн» ЖШС, «Автогаз-Трэйд» ЖШС, «AB Petroleum Capital» ЖШС өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен танысты.

Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.

Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГжТБРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.