Жаңбырлы және жылы: 2-4 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы болжамы

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяу күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа-райы циклонмен анықталады, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды, қатты жел тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа температурасы көктемде жылы болады: күндіз оңтүстікте ауа температурасы + 15 … 25 ° дейін, ал солтүстік аймақтарда + 5 … 15 ° С дейін жылынады.