«Жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы онлайн-семинар өз мәресіне жетті

«Жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы онлайн-семинар өз мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың 10-12 ақпан аралығында ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК (ҚОҚ АТО) ZOOM-конференция платформасында өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері үшін «жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру» тақырыбында үш күндік онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында келесі тақырыптар егжей-тегжейлі қарастырылды: Экологиялық кодекстің жаңа редакциядағы негізгі қағидаттары, Өндірістік экологиялық бақылау, Экологиялық талаптар, Операторлардың құқықтары мен міндеттері, Мемлекеттік экологиялық бақылау, Экологиялық жауапкершілік, Ремедиация, 2007-2021 жылдардағы Экологиялық кодекстердегі қалдықтар туралы жалпы ережелер, Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясаттың қағидаттары, Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізудің жаңа тәсілдері, Экологиялық бағалау стратегиясы, Кешенді экологиялық рұқсат.

Спикерлер ретінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуге тікелей қатысқан сарапшылар шақырылды:

Жолдасов З.С. – ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы;

Тасбаев Е.Э. – ҚР ЭГТРМ ЭРБК Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының басшысы;

Ағыбаева Д.Ж. – Мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшысы;

Ингербаева Ж.У. – ҚР ЭГТРМ ЭРБК Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының бас сарапшысы;

Тастемірова Ш.И. – ҚР ЭГТРМ ЭРБК Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар басқармасының бас сарапшысы;

Оразалина К.Н. –  минералды шикізат және өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы/консультант, т.ғ.к., «Жер қойнауының тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» ҚБ (ЖТСКБ) толық мүшесі.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы онлайн-семинарлар ағымдағы жылдың 10 ақпанында іске қосылды және тұрақты түрде өткізілетін болады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған семинарлардың басты мақсаты жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру болып табылады.

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК жарғылық қызмет шеңберінде, атап айтқанда халықты және операторларды қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша ағарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласында семинарлар ұйымдастырады және өткізеді. ҚОҚ АТО семинарлардан басқа Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын, Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрын, Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізумен, сондай-ақ экологиялық ақпаратты ұсыну және тарату бойынша қызметтермен айналысады.
Барлық мәліметтер www.iacoos.kz сайтынды және сонымен қатар www.instagram.com/iacoos2021, www.facebook.com/pkk.iacoos. әлеуметтік желілерде жарияланды.