2019 жылдың 9-10 шілдесінде Нұр-Сұлтан қ. экологиялық сұрақтарының шешімдерін қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстандағы Орхус конвенциясының нормаларын жүзеге асыру шеңберінде тренинг және Ұлттық дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламасы Кеңсесінің қолдауымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК-ның бірлескен бастамасымен және жүзеге асырылды.

Тренинг барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы үдерісінде басшылыққа алынуы тиіс заңнама нормалары талқыланды. Экологиялық мәселелерді шешудегі жұртшылықтың қатысуына кедергі келтіретін негізгі проблемалар және осы бағыттағы Орхус орталықтары мен ҮЕҰ рөлі қарастырылды, халықаралық тәжірибеге шолу жүргізілді.

10 шілдеде «Қазақстанда Орхус конвенциясын жүзеге асыру» тақырыбына арналған Ұлттық дөңгелек үстел өткізілді. Бірінші сессия шеңберінде Қазақстан Республикасында Орхус конвенциясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары, ЕҚЫҰ жобасының шеңберінде қоғамдық экологиялық тыңдаулар кезінде құқықтық талаптардың сақталуын бақылаудағы аралық нәтижелер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сот әділдігіне қол жекізу бойынша сот практикасының кейбір мәселелері талқыланды. «Қоршаған орта жағдайы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндама» таныстырылды және ЛШТТ шеңберінде онлайн-есеп беру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынылды.

«Орхус конвенциясын жүзеге асыру шеңберінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екінші сессиясы Экологиялық кодекстің жобасын әзірлеудің қазіргі жай-күйін жаңа редакцияда қарауға, Қазақстан Республикасының ЛШТТ және ГӨА-ға түзетулер туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді талқылауға арналған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің СЭБ бойынша және трансшекаралық контексінде қоршаған ортаға әсер бағасы жобасының ереже қарастырылды.

Іс-шараларға халықаралық мекемелердің, ұлттық және халықаралық сарапшылар, ҚР Жоғарғы Сотының, Парламент Сенатының, мемлекеттік органдардың, аймақтық Орхус орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың, Жоғарғы оқу орындарының және табиғат пайдаланушылардың өкілдері қатысты.

Іс-шара мемлекеттік органдардың, табиғат пайдаланушылардың, Орхус орталықтары мен ҮЕҰ-ның өзара белсенді әрекеттесуі үшін жақсы орын алаңына айналды.