АСТАНА. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ-ның штаб-пәтерінде климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойды және Бас хатшы Пан Ги Мунмен кездесті.

БҰҰ радиосының хабарлауынша, бұл құжатқа басқаларымен бірге осы жылғы сәуірде қол қою жоспарланған болатын, алайда үкіметте оны келісу үдерісі созылып кетті. Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, Қазақстанда келісімді раитификациялау биылғы жылға жоспарланып отыр.

«Қазір басты назар –  әсіресе, басты елдерде құжатты ратификациялауға аударылып отыр. Сондықтан да біз бұл орайда үлгі көрсеткіміз келеді. Біз құжатты биылғы жылы ратификациялау жөнінде өзімізге міндеттеме алдық – неғұрлым ертерек болса, тіпті жақсы. Үкімет пен парламент үйлесімді жұмыс жасап, құжатты тезірек ратификациялайды деп үміттенеміз және мұның үлкен саяси салмағы бар».

Ыдырысов Қазақстан өзіне 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындысын 15 пайызға азайтуға міндеттеме алды. Дегенмен, министрдің айтуынша, егерде елде қосымша қаржылық қолдау көрсетілетін болса, бұл межені 25 пайызға дейін көтеруге болады.

Ел билігі сондай-ақ өз алдына өте өршіл ұзақмерзімді міндетті – 2050 жылға дейін барлық энергияның 50 пайызын «жасыл», яғни, қайтарымды көздерден өндіру міндетін қойып отыр.

 Дерек көзі: www.inform.kz