Ол нысанның құрылысын жүргізуге Қытай инвесторлары ниет танытып отыр. Қазір шетелдік компаниямен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Зауыт Өскемен қаласы үшін қажет. Өйткені шаһарда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, оны жою мәселесі өткір тұр. Себебі өңірдегі полигонның қолданысқа берілгеніне жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Ал ол жерде келешекте қоқыс төгетін орын қалмауы мүмкін. Ол аздай, қала іші мен шеткері аудандарда заңсыз күл-қоқыс төгетін адамдар да көбейіп барады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салуға осыдан 4 жыл бұрын отандық компания ниет білідірген болатын. Алайда компания басшыларының жауапсыздығынан арадағы келісім бұзылған. Медет Нұрғалиев, облыстық табиғи ресурстарды пайдалану басқармасы басшысының орынбасары: – Алдындағы біздің санауымыз бойынша бұл зауыт арзан емес. Ең арзан дегенде 10 миллиард теңгеден астам қаржы керек болады. Оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлу-реттеу болу керек.

Дерек көзі:  www.24.kz