Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Орталық Азияда және одан тыс жерлерде жер мен су ресурстары саласындағы серіктестікке арналған жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелде сөз сөйледі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234912?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Орталық Азиядағы жер және су ресурстарын орнықты басқару мәселелеріне, сондай-ақ интеграцияланған (NEXUS) тәсілдерді ілгерілетуге арналған жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара барысында тозған жерлерді қалпына келтіру және табиғи ресурстарды тұрақты басқару тәжірибелерін енгізу жөніндегі жобаларды қолдауда халықаралық серіктестердің, оның ішінде Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) маңызды рөлі ерекше атап өтілді.

Орталық Азиядағы су және жер ресурстарының өзара байланысы жөніндегі ЖЭҚ пен ФАО-ның жаңа бағдарламасы (CAWLN) Қазақстан тарапынан өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және табысты шешімдерді кеңінен енгізуге мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде қарастырылады.

Іс-шара қорытындысында Министр табиғи ресурстарды орнықты басқару және өңірдің экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында Қазақстанның өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.