? “Табиғатта қоқысқа жол жоқ” акциясының бірінші кезеңі сәтті басталды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Өткен сенбіде республиканың барлық өңірлерінде ел Президентінің бастамасымен “Табиғатта қоқысқа жол жоқ” жалпыұлттық экологиялық акциясының бірінші кезеңі өтті.

Науқан аясында қоқыстардан тазартуды талап ететін орындардың тізімі алдын ала анықталған. Бұл Қазақстан бойынша 120-дан астам локация.

Осы күні 220 мыңнан астам адам қатысты, олардың арасында мемлекеттік органдардың қызметкерлері, еріктілер, экоактивистер, кәсіпорын өкілдері, жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері бар.

11 мың гектардан астам жерде 14 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, олар қайта өңдеуге берілді.

Ауа-райы қолайлы жылы аймақтарда 16 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Естеріңізге сала кетейік, экология министрлігі 2019 жылдан бастап жыл сайын Бірге Таза Қазақстан, World clean up day акцияларын өткізеді, олардың мақсаты – аумақты қоқыстан тазарту, табиғатқа ұқыпты қарауға шақыру!