ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ РӨЛІ

Астанада ҚР ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің және PAGE (Partnership for action on green economy/ Жасыл экономика бойынша іс-қимылға арналған серіктестік) халықаралық ұйымының қолдауымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2022 жылғы 27-28 қазан аралығында «Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексін іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың рөлі» атты республикалық семинар-тренинг өткізді.

Семинарға Қазақстанның барлық аймақтарынан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Семинар спикерлері ретінде Қазақстан Республикасының Экология министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК өкілдері, сондай-ақ экология саласындағы сарапшылар сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу жүйесі қайта қаралып, жергілікті жерлерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың рөлі күшейтілгені белгілі. Бұл туралы еліміздің жергілікті атқарушы органдарының өкілдері үшін ҚР ЭГТРМ бастамашы болған екі күндік семинардың жұмысы барысында айтылды. Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар өткізу, қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру, Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне ақпарат беру, стратегиялық экологиялық сараптама жүргізу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы шараларды әзірлеу сияқты тақырыптар қозғалды.

Сөз сөйлеген спикерлер жергілікті жерлерде Экологиялық кодекстің нормалары мен ережелерін іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың рөліне назар аударды.

Семинардың екінші күні практикалық тұрғыда өтті: іс-шараға қатысушылар үшін стратегиялық экологиялық бағалауды және Қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы құру кезіндегі негізгі проблемалар бойынша тренингтер өткізілді.

 

 

ҚР ЭГТРМ «ҚОҚ АТО» РМК.