Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бангкокта БҰҰ АзТМЭӘК (БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) қоршаған орта және даму Комитетінің жетінші отырысы аяқталды.
Қазақстан Республикасының атынан экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Сүлейменова министрлік сегменті аясында БҰҰ АзТМЭӘК қоршаған орта және даму комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.
Талқылау барысында Зүлфия Сүлейменова «Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі өңірлік ынтымақтастық пен келісім арқылы біздің планетамызды қорғау» күн тәртібіндегі тармақ бойынша баяндама жасады.
Вице-министр сессиялардың модераторы болып және олардың қорытындысы бойынша Комитет Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өңірлік ынтымақтастық және келісім арқылы планетаны қорғау туралы Министрлер Декларациясын қабылдады, сонымен қатар оның жетінші сессиясының жұмысы туралы баяндаманы бекітті.
Сондай-ақ, вице-министр ауаның ластануына қарсы іс-қимыл жоспарлары бойынша «Ауаның ластануын азайту мақсатындағы қалаларды түсіну және аймақтық ынтымақтастық» атты панельдік талқылауда сөз сөйледі.