Бегенев филиалына бару

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/816622?lang=kk

«Семей орманы» МОТР РММ Бегенев филиалына сапардың мақсаты орман өртке қарсы қызметтердің жауынгерлік дайындығы және ормандарды өрттен қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету мәселелері болды. Сонымен бірге, жеке құрам ведомство басшысына алдағы уақытта «Семей орманы» резерваты жағдайында орман өрттерін жоюға арналған жаңа заманауи 40 бірлік өрт сөндіру машиналарын, 10 тракторды және 26 бірлік шағын орман өрт сөндіру кешенін сатып алу жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Қорытындысы бойынша орман шаруашылығы қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда проблемалық мәселелерді шешуде еңбек жағдайларын жақсарту және өрттерді жою кезінде жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.