Метан шығарындыларын реттеу семинары: көмір секторына назар аудару

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928092?lang=kk

2025 жылғы 30 қаңтар метан шығарындыларын реттеу семинарының екінші күні. Көмір секторы, оның қиындықтары және метан шығарындыларын азайту перспективалары басты назарда.

Талқылау барысында көмір өнеркәсібіндегі метан шығарындыларының проблемалық мәселелерін шешу бойынша тәжірибелер ұсынылды, саланы реттеу перспективалары мен қолдау шаралары қаралды. Шығарындыларды бақылаудың заманауи технологияларына, соның ішінде спутниктік бақылау мен қашықтықтан зондтауға ерекше назар аударылды.

Семинарға Таза ауа жөніндегі нысаналы топтың (CATF), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және көмір секторының өкілдері қатысты. Сарапшылар мен қатысушылар халықаралық тәжірибемен алмасып, көмір секторында метан шығарындыларын реттеудің тиімді тетіктерін дамытудағы одан арғы қадамдарды талқылады.

Семинар нәтижелері Қазақстанда метан шығарындыларын азайту бойынша болашақ саясаттар мен бастамаларды әзірлеу үшін негіз болады.