Қауіпті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273048?lang=kk

Қазақстан Республикасының тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындаудың ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Сенімді провайдерден біліктілікті тексеру (зертханааралық салыстырулар): жақын әрі қолжетімді» атты II Халықаралық конференцияға қатысты.

Конференция барысында қауіпті қалдықтарды зертханалық зерттеу және олармен қауіпсіз жұмыс істеу, тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу, сондай-ақ зертханалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.

Министрліктің бастамасымен «Жасыл даму» АҚ мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу және олармен қауіпсіз жұмыс істеу саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ сараптамалық және зертханалық әлеуетті нығайтуды көздейді.