Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, қол қойылған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық конвенциялардың тізімі

Конвенция, келісімдер атаулары

Қазақстан Республикасының қосылуы/ратификациялауы туралы құжат

Хатшылықтардың интернет ресурстары

1

Дүниежүзілік метеорологиялық  ұйымның конвенциясы, 1947 ж. 11 қазан ҚР Жоғарғы Кеңестің қосылу туралы Қаулысы 18.12.1992ж.  №1791-XII www.wmo.ch

2

Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция, Рио-де-Жанейро, 1992 ж. маусым ҚР Министрлер Кабинетінің мақұлдау туралы Қаулысы 19.08.1994ж. №918 http://www.cbd.int/

3

Мұнаймен ластанудан келтiрген зияны үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық конвенция. Брюссель, 1969 ж. 29 қараша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 4 наурыз 1994 ж. N 244  

4

Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенция.
Париж, 1972 ж. 16 қараша

Қосылу 29.04.1994 ж.

www.unesco.org/whc/nwhc/pages/home/
http://whc.unesco.org/en/conventiontext/

5

Теңiздiң кемелерден ластануына жол бермеу жөнiндегi Халықаралық конвенция Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 4 наурыз 1994 ж. N 244  

6

Табиғи ортаға ықпал жасаудың құралдарын әскери немесе кез келген өзге де дұшпандықпен пайдалануға тыйым салу туралы конвенция ЖК қосылу туралы 20.02.1995 ж.N 301-XIII Қаулысы www.carnegieendowment.org

7

Энергетикалық Хартияға Шарт. Лиссабон, 1994 ж. 17 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 18 қазан N 2537  

8

БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (UNFCC). Рио-де-Женейро, 1992 ж. 11 маусым ҚР Президентінің 04.05.1995ж. ратификациялау туралы № 2260 Жарлығы www.unfccc.int

9

БҰҰ Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы. ҚР 07.07.1997ж. ратификациялау туралы № 149-1 Заңы http://www.unccd.int/

10

Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы. Монреаль, 1987 ж. 16 қыркүйек

Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзету, Лондон, 1990ж. 27-29 маусым

1992 жылғы 23 – 25 қарашада Копенгагенде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзету және 1997 жылғы 15 – 17 қыркүйекте Монреальда қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетулер

Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжiңде қабылданған Түзетудi ратификациялау туралы

ҚР 30.10.1997ж. қосылу туралы №176 Заңы

ҚР 07.05.2001ж. қосылу туралы №191-II Заңы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 426-IV Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуiрдегi № 198-V ҚРЗ

http://ozone.unep.org/new_site/en/index.php

11

Озон қабатын қорғау жөнiндегi вена конвенциясы. Вена, 1985 ж. 22 наурыз ҚР 30.10.1997ж. қосылу туралы №177-I Заңы  

12

Жойылу қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенция.Вашингтон, 1973 ж. 3 наурыз ҚР 6.04.1999 ж. қосылу туралы N 372-1 Заңы http://www.cites.org/

13

Шекаралық мәтінде қоршаған ортаға жасалатын ықпалды бағалау туралы конвенция. Эспо (Финляндия), 1991 ж. 25 ақпан ҚР 21.10.2000ж. қосылу туралы№ 86-II Заңы www.unece.org/env/eia

14

Ауаның алыс қашықтықтарға шекарааралық ластануы туралы конвенция. Женева, 1979 ж. 10 қараша ҚР 23.10.2000ж. қосылу туралы№ 89-II Заңы www.unece.org/env/lrtap

15

Өнеркәсiптiк авариялардың шекарааралық ықпалдары туралы конвенция ҚР 23.10.2000ж. қосылу туралы№ 91-II Заңы http://www.unece.org/env/teia/welcome.htm

16

Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот  әділдігіне қол жеткізу туралы конвенция ҚР 23.10.2000ж. ратификациялау туралы № 92-II Заңы www.unece.org/env/pp/treatytext.htm

17

Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция. Хельсинки, 1992 ж. 17 наурыз

Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдердi қорғау және пайдалану туралы конвенцияның 25 және 26-баптарына түзетудi ратификациялау туралы

ҚР 23.10.2000 ж. қосылу туралы N 94-II Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 282-V ҚРЗ

http://www.unece.org/env/water/

18

Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы. Базель, 1989 ж. 20-22 наурыз ҚР 10.02.2003ж. қосылу туралы  №389-II Заңы http://www.basel.int/

19

Ең алдымен суда жүзетiн құстардың тiршiлiк ету орны ретiнде халықаралық мәнi бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция (1982 жылғы 3 желтоқсандағы оған Париж хаттамасымен енгізілген түзетулерімен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулерiмен) ҚР 13.12.2005ж. қосылу туралы № 94-III Заңы http://www.ramsar.org/

20

Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция (Тегеран, 2003 жыл 4 қараша) ҚР 2005 жылғы 13 желтоқсандағы ратификациялау туралы № 97-III Заңы www.caspianenvironment.org

21

Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау жөнiндегi негiздемелiк конвенцияға Каспий теңiзiн жер үстi көздерiнен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесiнде ластанудан қорғау жөнiндегi хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 1 қарашадағы № 71-VII ҚРЗ

22

Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау жөнiндегi негiздемелiк конвенцияға Мұнаймен ластануға әкелетiн тосын оқиғалар жағдайындағы өңiрлiк әзiрлiк, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 18 наурыздағы № 474-V ҚРЗ www.caspianenvironment.org

23

Каспий теңiзiнiң теңiз ортасын қорғау жөнiндегi негiздемелiк конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсердi бағалау жөнiндегi хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 жылғы 19 шiлдедегi № 718 Жарлығы

24

Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы. Стокгольм, 2001 жыл 22 мамыр Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 7 маусымдағы N 259 Заңы http://chm.pops.int/Home/

25

Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім рәсімі туралы Роттердам конвенциясы Ратификацияланды ҚРЗ 2007 жылы http://www.pic.int/

26

Жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау туралы конвенция. Бонна, 1979 ж. 23 маусым Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 96 Заңы http://www.cms.int/

27

Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 маусымдағы N 43-IV Заңы http://www.cbd.int/

28

Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы. Киото, 1997 ж. 11 желтоқсан

Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының В қосымшасына Түзету

Париж келiсiмiне қол қою туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 144-IV Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 145 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 тамыздағы № 301 Жарлығы

http://www.unfccc.de/

29

Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияға Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдері туралы хаттаманы ратификациялау туралы. Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 279-VІ ҚРЗ.