Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев ҚР Парламент Мәжілісінде «Қазақстандағы көміртегі нарығын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы сараптамалық семинарға қатысты.
Аталған семинар Қазақстан Республикасындағы көміртегі нарығының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, қазақстандық көміртегі нарығына қатысушыларының Еуропалық одақ елдерінде көміртегі салығын енгізу шарттарына сәйкес әлеуетін арттыру мәселелері мен ағымдағы жай-күйін талқылауға мақсатталды.