Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/737023?lang=ru
ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының шығарындылармен сауда жүйесі және оның даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев өз баяндамасында декарбонизация жөніндегі шараларды іске асыру үшін 2013 жылдан бастап парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының ұлттық жүйесі жұмыс істейтінін атап өтті.
Өз сөзінде министр парниктік газдар шығарындыларына квоталармен сауда жүйесі (ШСЖ) аясындағы ағымдағы жұмыс, ШСЖ сауда кезеңдері, сондай-ақ оны жетілдіру жөніндегі жоспарлар туралы айтты.
Сонымен қатар, министр 2026-2030 жылдары парниктік шығарындыларды азайту үшін 2,73%-дан төмен емес мөлшерлемесін қолдану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, ал қолданыстағы көміртегі квоталарының Ұлттық жоспары шеңберінде 2024 жылы 2,25%-ға және 2025 жылы 2,26%-ға қысқарту мөлшерлемесі қолданылатыны жайлы айтты.
Дөңгелек үстелге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында осы жүйені жетілдіру шараларын әзірлеу бойынша белсенді пікірталас өткізілді.
Өз кезегінде министрлік тараптардың декарбонизация мақсатына жету үшін барлық ұсыныстары мен ұсынымдарын қарайтын болады.