Елордада масаны дезинсекциялау екі ауысымда жүргізіліп

Дереккөз – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күн сайын маса және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекциялық жұмыс екі ауысымда жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл аумақты масаға қарсы дәрілеу жоспары 20%-ға, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты.

«Аумақты өңдеу роторлы бүріккіштермен де, машиналармен де жүргізіледі. Барлық аудандарды қамтып жатырмыз. Бірінші кезекте су қоймалары, жертөле өңделеді. Қала ішін өңдеуге кірістік. Жұмыс күн сайын жүргізіледі», – деп атап өтті мамандар.

Су қоймаларын, қаланың кварталішілік аумақтарын және жалпы көше, саябақ, скверлерді өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Масамен күрес тиімді болуы үшін тұрғын үйлердің жертөлесн, мектеп пен балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлерін және т.б. заларсыздандыру керек.