Экология министрлігінің өкілдері Коряковка көліне барды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Көлге келген Министрлік қызметкерлері, әкімдік өкілдері, экологтар, жергілікті тұрғындар су айдынын аралау кезінде тұз өндірілгенін атап өтті. Бірақ өндіріс өнеркәсіптік көлемде емес. Негізінен, халық өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұзды жинаған. Осы мақсатта қарапайым әдіспен  (ванналарда) жүргізеді.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Павлодар облысының Павлодар ауданында орналасқан Корюковка көліне барды.

Коряковка көлі жазық ойпатта орналасқан. Көлдің ауданы шамамен 11 км2, ұзындығы 5,6 км, ені 1,5 км. Су айдынының ауданы 4,1 км2, тереңдігі 0,3-0,7 м. Көл – тұзды шөгіндіден құралған. Тұз қабатының тығыздығы өзгермелі,  0,42-ден 0,76 м аралығында, орташа 0,61 м. Көл Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан. Көлге ең жақын орналаскан елді мекендер: Коряковка (батысқа қарай) және Кеменгер (солтүстік-шығысқа қарай) ауылдары. Аудан жер бедері жазық құрғақ дала аймағында орналасқан.

Коряковка ағынсыз көлге жатады. Сондықтан негізінен күзгі және қысқы жауын-шашын мөлшері есебінен толып отырады. Ол Павлодар облысының балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне кірмейді.

“Егер көлдің таяздануы туралы айтатын болсақ, Коряковка көлінің тартылуытабиғи-климаттық жағдайларға байланысты. Биыл су шаруашылығы үшін қолайсыз климаттық жағдай туындағанын атап өту керек. Қыста қар аз түсті және жыл басынан бері ағын судың болмауына байланысты, көлдің су деңгейі төмендеп кетті. Ал өзендер мен салалар түрінде көлге құятын табиғи қоректену көзі жоқ. Сонымен қатар, биыл өңірде су аз, құрғақшылық пен ауа райының жоғары температурасы байқалады”, – деп атап өтті Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Е.Омаров.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар соңғы төрт жылда ауа-райына байланысты көл шынымен де тартылып кеткенін, бірақ бұл циклдік, климаттық жағдайлармен байланысты екенін атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша көл аумағын көлік шиналарынан тазарту, учаскелік инспекторларға көлдің аумағына автокөлікпен кіруді бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Анықтама:

Геологиялық барлау жұмыстары 2019 жылы “Мультисервис” ЖШС кәсіпорнымен “Павлодар облысы, Павлодар ауданындағы Коряковка көлі ас тұзы кен орнында бағалау жұмыстарының жобасы” және 22.07.2019 жылғы №187-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиялар  негізінде жүргізілді.

Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі орталық Қазақстан өңіраралық комиссиясының (МКЗ ОК) 31.03.2020 жылғы №1786 хаттамасымен Корюковка көлі тұзының баланстық қорлары С1 санаты бойынша 1 773,28 мың тонна, оның ішінде Батыс учаскесі бойынша 729,09 мың тонна, Шығыс учаскесі бойынша 1 047,19 мың тонна мөлшерінде бекітілді.

Раптағы NaCl қорлары-387,3 мың тонна, оның ішінде Батыс учаскесі бойынша 161,7 мың тонна, Шығыс учаскесі бойынша 225,6 мың тонна, құрамымен 20,04%.

Кен орнын игеру шекаралары 256,814 га алаңда қорларды есептеу контурын қабылдады.

ҚР “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Кодексінің 201-бабына сәйкес, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиялардың иесі жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды алуға айрықша құқыққа ие.

Осыған байланысты, жер қойнауын пайдалану басқармасы 2020 жылғы 21 қыркүйекте “Мультисервис” ЖШС кәсіпорнына 10 жыл мерзімге Коряковка көлі кен орындарына тұз өндіруге лицензия берілді.