Израильдік «Gaon Group» компаниясы су саласындағы жобалармен таныстырды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

«Gaon Group» компаниясы өкілдерініңАстанаға сапары аясында 8 тамызда ҚР Экология және табиғи ресурстар министріЗүлфия Сүлейменованың Израиль делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесуге Израиль тарапынан «GaonGroup»«Shtang Construction and Engineering»Ltd«Radium KZ» компанияларының өкілдеріҚазақстан тарапынан Министрліктің Су саясатыдепартаментініңСу ресурстары комитетініңөкілдері қатысты.

«Gaon Group» компаниясы өз қызметінтаныстырдыОл су айналымы жүйесікәрізжүйелері, су құбырлары, газ тасымалдауAMI/AMR жүйесі және құбыр желілерін дамытусаласында көшбасшы болып табылады.

Кездесу барысында «Gaon Group» компаниясы жүзеге асырған жобаларментаныстырды.

Өз кезегінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З.Сүлейменова жыл сайын су ресурстарын тұтыну тұрақты өсіп келе жатқанын және бұл мәселе бүкіл әлемде өзекті болып табылатынын атап өтті. Қазақстан ТДМ-ға қол жеткізу контексінде су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелеріне ерекше назар аударады. Республикада су ресурстарын басқару және Экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, су шаруашылығы секторындағы проблемалық мәселелер әлі де сақталуда.

Министр сондай-ақ Израиль су үнемдеу технологияларын енгізу, теңіз суын тұщыландыру және ағынды суларды тазарту саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатынын және Израильдің бұл бағыттағы тәжірибесі Қазақстанға пайдалы болатынын атап өтті.