Серіктестікті нығайту

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы – Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Б. Османидің Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде кездесу өтті.

Кездесу барысында Экология және табиғи ресурстар министрі З.Сүлейменова ЕҚЫҰ-мен қалыптасқан ынтымақтастықтың нәтижелігін атай отырып, ұйым Климаттық жобаларды іске асыруға көмек көрсетуде шешуші рөл атқаратынын, сондай-ақ біздің қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бұрыннан келе жатқан серіктесіміз болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, биылғы 7 шілдеде Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясының қорытындылары талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуі, су дипломатиясы және трансшекаралық су ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты.

З. Сүлейменова “Құрық” және “Ақтау” порттары үшін “EcoPorts”сертификатын алуға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және су ресурстары мәселелері бойынша өзара іс-қимылды дамыту және арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.