Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234889?lang=kk
2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Швейцария Конфедерациясының Қоршаған орта жөніндегі мемлекеттік хатшысы, Федералдық қоршаған орта басқармасының директоры Катрин Шнеенбергермен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында Министр Швейцарияға Орталық Азия елдеріне Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) шеңберінде көрсетіп отырған дәйекті қолдауы үшін және Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін, сондай-ақ циклге қарай өзгеріп отыратын бірқатар басқа елдерді біріктіретін ЖЭҚ Басқарма кеңесіндегі донор әрі сайлау тобының көшбасшысы ретіндегі маңызды рөлі үшін алғыс білдірді.
Тараптар ЖЭҚ-тың тоғызыншы циклін қалыптастыру мәселесін талқылады. Министр Қазақстан мен өңір үшін басым бағыттар ретінде климаттық саясат, табиғи ресурстарды орнықты басқару және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін атап өтті.
Министр ЖЭҚ-тың Қазақстандағы экологиялық жобаларды халықаралық деңгейде қолдаудың негізгі тетігі болып табылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта ЖЭҚ-8 аясында бірқатар бастамалар іске асырылуда, сондай-ақ ЖЭҚ-9 шеңберіне арналған жобалық портфель әзірленуде.
Кездесу соңында тараптар Орталық Азиядағы өңірлік бастамаларды қолдауды және ЖЭҚ аясында бірлескен шешімдерді ілгерілетуді қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.