Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234912?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Орталық Азиядағы жер және су ресурстарын орнықты басқару мәселелеріне, сондай-ақ интеграцияланған (NEXUS) тәсілдерді ілгерілетуге арналған жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында тозған жерлерді қалпына келтіру және табиғи ресурстарды тұрақты басқару тәжірибелерін енгізу жөніндегі жобаларды қолдауда халықаралық серіктестердің, оның ішінде Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) маңызды рөлі ерекше атап өтілді.
Орталық Азиядағы су және жер ресурстарының өзара байланысы жөніндегі ЖЭҚ пен ФАО-ның жаңа бағдарламасы (CAWLN) Қазақстан тарапынан өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және табысты шешімдерді кеңінен енгізуге мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде қарастырылады.
Іс-шара қорытындысында Министр табиғи ресурстарды орнықты басқару және өңірдің экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында Қазақстанның өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.