Бір тонна макулатураны қайта өңдеу шамамен 17 ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1245739?lang=kk

Қағазды қайта өңдеу – табиғи ресурстарды үнемдеудің және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудың тиімді жолдарының бірі.

Макулатураны қайта өңдеу арқылы ағаштарды кесуді азайтып қана қоймай, су мен электр энергиясын үнемдеуге, сондай-ақ қалдықтар көлемін қысқартуға болады.

Әрбір жиналған қағаз бен картон табиғатты қорғауға қосылған үлес. Қажетсіз қағаздарды қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге өткізу арқылы қоршаған ортаны сақтауға бірге атсалысайық!
Дереккөз: Environmental Paper Network, EPA мәліметтері негізінде.