20151006080241 Елордада «Жасыл технологиялар мен инновациялар» виртуалды байқауы жарияланды, деп хабарлайды Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы деп жазады astana.kz.

  Байқауға қазақстандық компаниялар, жеке меншік мекемелер және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялар қатыса алады.

  Байқау келесі салалық бағыттарда өткізіледі:

– энергия саласындағы инновация жолдары;

– энерготиімділік және технологияның ресурстарын сақтау;

– экожүйені басқару тиімділігі;

– ауылшаруашылық саласындағы жоғары өндірістік және тұрақты тәжірибе, басқарманың тиімді әдістері мен қоқыс-қалдықтарын өңдеу;

– су ресурстарын тұрақты пайдаланудағы тиімді технологиялар;

– зиянды қалдықтарды азайту.

 Байқауға қатысушылар «жасыл» технологияны өндіретін «Үздік өндіруші», «жасыл» технологияны «Үздік жеткізуші», «жасыл» технологияны пайдаланған «Үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша марапатталады.

 Байқауға қатысу үшін ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін www.gbpp.org, www.gt.greenkaz.org сайттарына тіркелу қажет.    Технологиялық талаптар «жасыл» технология тізімінде көрсетілетін болады және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі форумында орналастырылады.

Дерек көзі:  www. inform.kz