АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде 196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.
Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты – Жер бетіндегі ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру.
Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.
Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2849507