Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайты

(KZ) Парижде 196 ел климат жөніндегі жаңа келісімді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Парижде  196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.

Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты — Жер бетіндегі  ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда   2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру.

Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.

Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2849507

Басты бетке