АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – ЭСКАТО атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен ЭСКАТО арасындағы ынтымақтастықты арттыру мәселесі қозғалды. Сонымен, ЭСКАТО жәрдемімен Қазақстан 2014 жылы шағын аралдық дамушы елдерді орнықты дамыту бойынша өңірлік күштерді нығайту мақсатында биогаз негізінде жаңартылған энергияны жылжыту үшін Тынық мұхит өңірінің 12 еліне қолдау көрсетті. Бұдан басқа, өткен жылы Қазақстан энергетика министрлігі мен ЭСКАТО арасында «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы аясында орнықты даму саласындағы басымдықтарды бірлесіп орындау бойынша меморандумға қол қойды.
Тараптар Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы базасында Астанада «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобаларды» дамыту жөніндегі БҰҰ халықаралық орталығын құру бастамасын іске асыру барысын талқылады.
«ЭСКАТО мен оның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне мүше мемлекеттерінің қатысуы климаттың жаһандық өзгерістерінің проблемаларын шешуге салмақты үлес қосатынына сенімдімін, бұл орнықты дамуды қамтамасыз етудің, кедейлікті еңсерудің, өңірдің барлық елдерінің әлеуметтік-экономикалық жетістікке жетуінің негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Ш. Ахтар Қазақстанға 2016 жылғы 15-19 мамырда Бангкокта өтетін ЭСКАТО 72-ші сессиясына дайындық мақсатында келді және Орталық Азияны және теңізге жолы жоқ елдерді дамыту мәселелеріне арналды. Аталмыш шара 2030 жылға дейін Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында өтеді.
Дерек көзі: http://inform.kz/kaz/article/2868689