АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен ауланатын құнды аңдар мен балықтар тізбесі бекітілді.

«ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10494 тіркелді

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1-тармағының 66) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр  А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы  № 18-03/106 бұйрығымен бекітілген

Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі

Р/с
Жануарлардың түрлері Р/с
Жануарлардың түрлері
1 2 3 4
Су жануарлары
1 Қортпа 27 Қабыршақты және жалаңаш көкбас
2 Бекіре (сібірліктен басқасы) 28 Май балық
3 Шоқыр 29 Табан
4 Пілмай (Арал популяциясынан басқасы) 30 Қылышбалық
5 Сүйрік 31 Алтын және күміс түсті мөңке балық
6 Қарынсау (бадырақ көзділерін және дөңгелек бастыларын қоса алғанда) 32 Сазан
7 Бражников (долгин) майшабағы 33 Тұқы
8 Қара жон 34 Ақ және шұбар дөңмаңдай
9 Құбылмалы бахтах 35 Жайын
10 Майқан 36 Нәлім
11 Көкшұбар балық 37 Кәдімгі алабұға
12 Көкшарбы 38 Балқаш (Балқаш-Іле популяциясынан басқасы) алабұғасы
13 Пайда балық 39 Көксере
14 Шыр 40 Беріш
15 Мұқсын 41 Жылаңбас балық
16 Сібір хариусы 42 Буффало
17 Тікенді балық 43 Түйетабан
18 Шортан 44 Ұзын саусақты шаян (түркістандық кіші түрінен басқасы)
19 Торта, қаракөз 45 Каспий итбалығы
20 Тұрпа балық 46 Шабақ
21 Аққайран 47 Кәдімгі және таластық тарақ балық
22 Ақ амур 48 Қызыл қанат
23 Ақмарқа 49 Балпан балық
24 Оңғақ 50 Білеу балық
25 Қызылкөз 51 Айнакөз
26 Қарапайым шармай 52 Көктран
Сүт қоректілер
1 Жанат тәрізді ит 17 Қабан
2 Қарсақ 18 Құдыр
3 Түлкі 19 Өзен құндызы
4 Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы) 20 Сібір елігі
21 Марал
5 Жанат 22 Аскания бұғысы
6 Бұлғын 23 Бұлан
7 Құну 24 Киік
8 Сарғыш күзен 25 Сібір тау ешкісі
9 Ақ қалақ 26 Кәдімгі тиін
10 Ақкіс 27 Зорман
11 Сары күзен 28 Байбақ немесе дала суыры
12 Сасық күзен 29 Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры
13 Американ су күзені 30 Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр
14 Борсық 31 Ондатра немесе су тышқан
15 Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы) 32 Құм қоян
33 Ор қоян
16 Сілеусін (түркістандықтан басқасы) 34 Ақ қоян
Құстар:
1 Қызыл жемсаулы гагара 30 Тундра аққұры
2 Қара жемсаулы гагара 31 Құр
3 Сұр қаз 32 Саңырау құр
4 Ақмаңдайлы қаз 33 Сұр құр
5 Қырманқаз 34 Гималай ұлары
6 Отүйрек 35 Кекілік
7 Сарыалақаз 36 Дала шілі
8 Барылдауық 37 Шіл
9 Ысылдақ шүрегей 38 Сақалды шіл
10 Қырылдақ шүрегей 39 Бөдене
11 Боз үйрек 40 Қырғауыл
12 Сары айдар үйрек 41 Қасқалдақ
13 Қылқұйрық 42 Дыркептер
14 Даурықпа шүрегей 43 Түзкептер
15 Жалпақ тұмсық 44 Көк кептер
16 Қарашақаз 45 Құз кептер
17 Қызғыш 46 Кәдімгі түркептер
18 Көк сүңгуір 47 Үлкен түркептер
19 Қызылбас сүңгуір 48 Күжіркей
20 Айдарлы сүңгуір 49 Шаушалшық
21 Айдарсыз сүңгуір 50 Тауқұдырет
22 Ұшқыр үйрек 51 Орман маңқысы
23 Сусылдақ 52 Ауылдақ тауқұдіреті
24 Айдарлы үйрек 53 Тау маңқысы
25 Қара тұрпан 54 Маңқы
26 Кіші бейнарық 55 Жылқышы
27 Секпілтес бейнарық 56 Үлкен шалшықшы
28 Бейнарық 57 Қасқа шалшықшы
29 Аққұр 58 Үлкен шырғалақ
59 Кіші шырғалақ