Электромобиль қарапайым көліктерден бұрын шыққанын білесіз бе? Бүгінгі шығарылымды біз осы көліктердің өндірісіне арнаймыз. Жаһандық жылынудың тұсында экологиялық таза технологиялар жай тренд қана емес, қоғам қажеттілігін дәлелдеген көмекшілерге айналды. Осы орайда автомобиль өндірушілері жаңа технологиялар үшін миллиондарын аяп қалмады. Бүгінде әлемде кең қолданысқа еніп жатқан электромобильдер сөзімізге дәлел болса керек. Қазақстанға мұндай көліктердің келгеніне көп бола қойған жоқ. Саны 4 млн асатын жеңіл көліктердің тек 200 шақтысы электромобиль. Десек те елімізде бұл сала да барынша іргерілеуге тырысуда. Жаңа дүниеге аса сақтықпен қарайтын халық көлікті тестілеуден өткізіп жатыр. Мамандардың айтуынша алғашқы құн қымбат болғанымен, қолданыста арзанға шығады. Ендеше отандық электромобильдің қандай мүмкіндіктері бар? Бұзылған жағдайда оларды жөндейтін орталықтар бар ма? Қалай қуатталады, қанша шақырым жол жүруге мүмкіндігі бар? Электромобиль иелері үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Халықтың бұл көлікке деген қызығушылығын бағдарламаның түсірілім тобы қала көшелеріне шығып сұрастырып көрді. Кім не дейді?