Бүгінде отандық супермаркеттерде эко, био немесе табиғи деп таңбаланған органикалық өнімдердің түр-түрі бар. Алайда таза органика олардың 0,1 пайызына ғана тиесілі екен. Сондықтан бұл бағытты дамыту жолында түрлі жобалар атқарылуда.  Еліміз импорттық көкөніс нарығына тәуелді болғанымен жылыжай мен бақшаларды пайдалану арқылы ішкі сұранысты өтей алады дейді мамандар. Осы орайда мемлекет сырттан әкелінетін тауарлар үлесін азайту үшін шағын жылыжайларды салуға қаржы бөлетін бағдарлама құрған. Қазіргі таңда бұл салада өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер әйелдер де баршылық. Бірі жидек жапырағынан қош иісті шайлар жасап, кептірілген көк шөптерден тағамдық қоспалар әзірлесе, енді бірі «жасыл» технологиямен жабдықталған жылыжай иесі. Органикалық өнімдердің насихатын көбейту үшін қоғамдық ұйымдар мен ауыл әкімдіктері де бірігіп, жұмыссыз қыз-келіншектерге табыс табуға жаңа мүмкіндік бермек. Ақмола облысының 2 ауылында әйелдер өз бақшаларында таза органикалық өнім өсіріп, оны саудаға шығара алады. Табиғи ортада өскен көкөністер бірден Астана дүкендеріне қойылмақ. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.